ШҰҒЫЛ! ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ӨРШІП БАРАДЫ Толығырақ

АУДАНҒА САПАР

13:10, 8 сәуір 2021

 Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Өткен жылы мұнда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 млрд теңгеден асты. Ал ауыл шаруашылығы саласында 30 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Қосестектегі бір ғана шаруашылық "Сыбаға" бағдарламасымен 800 бас ұсақ мал сатып алынған. Бұдан өзге, қожалық 400 жылқы ұстайды. 11 техникасы бар. Өткен жылдың соңында кәсіпкер Ақтөбе - Орск тас жолы бойынша 50 орындық кемпинг салған. Сондай - ақ аумағы 1 гектар болатын жылыжайда көкөніс өсіріледі. Былтыр "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында 5 млн теңге грант алып, оның шатырын жөндеді. Өңір басшысы дәл осындай шаруалар үшін үнемі қолдау болатынын жеткізді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар