
Өңірде әкімдердің есебі жалғасып жатыр. Әйтеке би ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов кездесуді онлайн өткізді. Астықты өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары. Жергілікті қазынаның кірісі 1 млрд теңгеден асты. Аудан өнеркәсібі 9 млрд, ал ауылшаруашылығы 35 млрд.теңгенің өнімін өндірген. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жүзеге асқан жобаларға отандық тауарлар пайдаланылған. Ол өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай үлес қосты.