ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 366 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БАБАЛАР ЕРЛІГІ НАСИХАТТАЛДЫ

16:20, 30 қараша 2021

Шалқардағы тарихи-өлкетану музейінде «Бабалар ерлігі-  ұрпақ жадында» тақырыбында аудандық семинар өтті. Онда белгілі би, тарихи тұлға Ақкісі Оқшыұлы мен патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күрескен Қайдауыл  Едігеұлының есімдері насихатталды. Аталған шараға  музейдің ғылыми кеңес мүшелері,  баба ұрпақтары мен оқушылар қатысты. Алдымен тарихшы, ғалым, профессор Зәкіраддин Байдосовтың зайыбы Айбарша Байдосова мен бабаның ұрпағы Қонысбай Дәулеталин  «Бабалар ерлігі - ұрпақ жадында» атты экспозицияның лентасын қиды. Мұнда Қайдауыл батыр мен Ақкісі Оқшыұлының өмірбаян деректері, кесенелерінің фотосуреттері қойылған. Айта кетейік,  Зәкіраддин Байдосов «Ақкісі» энциклопедиясын жарыққа шығарып, халыққа кеңінен таныстырған. Дөңгелек үстел басында тарихта өшпестей із қалдырған батыр бабаларымыз туралы тың деректер айтылды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 33 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ
16:20, 17 қаңтар 2022
ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 33 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫ...
Толығырақ...