ШҰҒЫЛ! БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ «ЖІГЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

20:00, 15 қыркүйек 2021

Қазақстанда жарты жыл ішінде кәмілетке толмаған 105 бала суицид жасаған. 193 өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген. Бұл балалар құқығының тиісті деңгейде қорғалмауы мен кибербуллингтің әсері дейді мамандар. Мәжіліс бүгін балалар құқығы жөнінде заң жобасын қарады. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген. Онда балалардың білім, медициналық көмек алуы, психологиялық, эмоционалды қысым көрмеуіне қатысты нормалар бар. Қазір әлеуметтік желілерде балаларға көруге болмайтын ақпараттар өріп жүр. Ал, оларды өшірту біздің құзырлы органдардың қолынан келмейді. Сондықтан шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлер Қазақстанда тіркелуі немесе бөлімше ашуы қажет. Бұл талап та балалар құқығы туралы заңда қамтылған. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин екінші оқылымға дейін мәселені шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар