
Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты. Мұны білеміз, бірақ жете түсіне бермейміз. Ал дәрігерлер салауатты өмір салтын ұстанып, тік жүруге, таза болуға үндейді. Сондай ақ халаттының бірі - №2 емхананың бас дәрігері Қайырбек Тоқтаров. Ол күн сайын жаттығу жасайды, апта сайын 10 шақырым жүгіреді. Гір де көтереді. Бұл жүректің жұмысын, қан айналымды жақсартады.