ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 15 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ «ЖІГЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

20:00, 27 қыркүйек 2021

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы өз иелерін тапты. Ол халықтың қамын күйттеп, өз қабілетін сарқа пайдаланған азамат. Биылғы бәйгеде әлеуметтік тақырыптарға басымдық берілгені де сондықтан. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жеңімпаздарға марапаттарын табыс етті. Биыл 2-ші рет өткізілген бәйгеге 100-ден аса материал түскен. Бірінші орын марқұм журналистің өзі басшылық еткен «Жетісу» арнасының тілшісі Сәния Байтароваға бұйырды. Ол күйеуі ізім-ғайым жоғалған әйелдің өміріне қатысты репортаж жасаған. Сондай-ақ Ақтөбе телеарнасының редакторы Ерлан Мұқанов және «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы Индира Бектенова да жүлделі болды. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар