ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21:04, 7 қараша 2019

Өңірдегі колледж  түлектері  еңбек нарығында сұранысқа ие емес.  Қаладағы бірқатар орта-арнаулы оқу орындары бірдей, әрі қажеттілігі төмен мамандарды даярлауда. Білім беру  саласының қазіргі жайы мен даму перспективалары туралы бүгін  қалалық мәслихаттың  көшпелі отырысында айтылды. Бүгінгі таңда облыста  техникалық және кәсіптік білім беруді қамтамасыз етіп отырған 43 колледж бар.  Оның 26-сы мемлекеттік , қалғаны жекенің қолында.  Орта арнаулы оқу орындарында шамамен 25 мыңға жуық жас білім алуда. Кадрларды даярлау 97 мамандық пен 159 біліктілік бойынша жүргізіледі.  Дегенмен аймақта қызмет көрсету саласында мамандар тапшы. Осы ретте жаңа оқу жылынан бастап  екі деңгейлі оқыту моделін енгізу  мәселесі қарастырылуда. Яғни білім алушы тегін оқумен қатар, екі  ия одан да көп жұмысшы мамандықтарын қатар игеріп шығады. Талдау нәтижесі сондай-ақ, аймақтағы  колледждерде мамандықтар бірін-бірі қайталап дайындайтынын көрсетті. Мәселен, облыстағы 8 кәсіптік білім беру мекемесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін оқытып шығарады. 

Ол үшін жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру қажет деп санайды педагогтар. Ұстаздардың  айтуынша,  балаларды мектеп қабырғасында-ақ нарықта сұранысқа ие мамандықтарға баулу керек.  Бұл ретте мектеп пен колледждің өрара байланысын арттыру маңызды. 
 

АЛЛА  ДОРОНИНА
№11 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Біздің мектебіміз өңірдегі орта-арнаулы оқу орындарымен тығыз байланыста.  Біріккен дөңгелек үстелдер, шеберлік сағаттарын жиі ұйымдастырамыз. Сонымен қатар,бітіруші түлектердің ата-аналарымен колледж өкілдері кездесулер өткізіп, жоғары сұраныстағы мамандықтар туралы жан-жақты баяндап береді. Меніңше, осы үрдісті одан әрі дамыту қажет.

Орта-кәсіптік білім беру мекемелерінің жайы осындай. Ал мектептерде әлі күнге дейін үш ауысымдылық проблемасы толық шешімін тапқан жоқ. Ақтөбеде 8 білім ордасының оқушылары үш ауысымда білім алуда. Мәселені шешу мақсатында Рауан, Шилісай және Нұр-Ақтөбе  мөлтек аудандарында мектеп құрылысы жүргізілуде. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...