ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

BIRGEMIZ2020.KZ РЕСМИ САЙТЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

19:13, 2 сәуір 2020

«Birgemiz» қоғамдық қоры түскен қаражат пен аймақ бойынша берілген көмек туралы барлық ақпарат тұрақты түрде жарияланып отыратын birgemiz2020.kz ресми сайтын іске қосты. Порталды еріктілер тегін жасап берген. Мұнда  қайырымдылық түрі әр  бағанда бөлек көрсетіледі. Қаражат түскен сайын жаңартылып отырады. Қазіргі жағдайға бейжай қарамайтын адамдар  сайтта көрсетілген дерек бойынша ерікті болуға,  қаржылық көмек жіберуге өтініш қалдыруына болады. Сондай-ақ, ұйымның сайтында әрбір аймақтық қор туралы ақпарат беріледі. Мұнда мұқтаж адамдар өз өңіріндегі қормен тікелей байланысып, сұрақ қоюы үшін жергілікті жердегі жауапты тұлғалар мен олардың байланыс мәліметтері көрсетіледі. Еске салсақ,  «Birgemiz» қоғамдық қоры еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен COVID-19 пандемиясы жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында 2020 жылдың 20 наурызында құрылған еді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар