
Өңірдегі "Шатлық" татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті. Орталықтың аға буын өкілдері жастарға Қазақстан тәуелсіздігінің тарихын айтып, Ассамблеяның қосқан үлесін жеткізді. Мерекелік жиын шығармашылық ұжымдардың концертімен жалғасты. Татар-башқұрт орталығының аудандардағы өнерпаздары қазақтың халық әндерін шырқады. Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы "Ак калфак" әйелдер клубының мүшелеріне өңірдің қоғамдық - саяси өміріне белсене араласып, ел бірлігінің дамуына қосқан үлестерін бағалап, Алғыс хатпен марапаттады. Қолөнер шеберлерінің ұйымдастырылған көрмесі де назардан тыс қалмады.