ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ

20:03, 21 қараша 2019

Баспана, жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек. Осы және  басқа да сұрақтармен ақтөбеліктерді бүгін қала әкімі Мавр Абдуллин қабылдады.  Шаһар басшысымен бірге  тұрғындарды қалалық атқарушы орган басшылары да тыңдады. Халықтық кеңседе өткен қоғамдық қабылдауға  жүздеген ақтөбелік келді. 

Ел аумағында «Бірыңғай қабылдау күні» өтіп жатыр. Республикалық шара аясында кез- келген азамат қабылдауға жазылып, мәселесінің жауабын сол жерде біле алады. Мұны естіген Қарлығаш Исмағұлова қала әкімінің қабылдауына келіп, баспана мәселесін алға тартты. 

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың кейбір мәселелері бірден шешімін тапты. Қала әкімі ақтөбеліктерді мұқият тыңдап, жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.  Баспанадан бөлек, атаулы әлеуметтік көмекті  алу, қайтару жөнінде келгендер де болды. Ал, саяжай аумағының тұрғындары отын мен көмір сатып алуға көмек сұрады.

Мемлекеттік бағдарламалар, басқа да маңызды ақпараттармен бөлісу, жалпы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын үдету, осындай форматтағы қоғамдық қабылдаулардың басты мақсаты. Қаланың дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады дейді мамандар.

Қоғамдық қаблыдау  бүгін облыс орталығының Алматы ауданында да ұйымдастырылды.

 

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

 ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:21, 11 желтоқсан 2019
ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...