ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

БИЫЛ 600 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

22:34, 6 тамыз 2020

Облыстың 600 шақырым жолын жөндеу үшін қазынадан 40 миллиард теңге бөлінді. Бүгінде атқарылған жұмыстар жоспардың ортасына таяп қалды. Ал, нәтиже қандай? Тұрғындарды алаңдатып отырған не? Толығырақ келесі бейнематериалда... 
Шаһардың көркін бұзған шұрық-тесік жол мәселесі бұған дейін айтылып та, жазылып та жүр. Тұрғындардың да қитығына әбден тиді. Содан болар, биыл жол жөндеу жұмыстарының қарқыны қарымды. Қаланың өзінде 97 көшеге су жаңа тас жол төселмек. Бүгінге дейін 20-сы толық аяқталып, тұрғындар игілін көріп отыр. 
Биылғы меже 600 шақырым жолды жөнге келтіру. Бұл үшін 40 миллиард теңге бөлінді. Оның 40 пайызы игеріліп, 280 шақырым жол жөндеуі аяқталып қалды. Өзгелерін қазан қараша айларында тапсыруды көздеп отыр.  Ал, облыстағы республикалық маңызы бар жолдар 1869 шақырымды құрайды. Қазір бірнеше бөлігінде жөндеу өткізіліп жатыр. 
Жауаптылар тұрғындарды алаңдатып отырған өзекті мәселелерге тоқталды. Тас жолдардың көктем келісімен қар суындай еріп кетпейтініне сенім білдірді.  
МӘЛІМБЕТ ИБРАШОВ
ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
Қазір тұрғындардың арасында жолға қатысты әңгіме көп. Әсіресе көктем кезіндегі күйі алаңдатып отыр. Биылғы жолдың жағдайы бұрыңғыдай болмайды дегім келеді. Егер қандай да бір қателік байқалса, мердігер мекеме өз қаражатына қайта жөндейді. 
Сондай-ақ, көпшілікке жауыр болған Ақтөбе-Алға бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары да жуырда қолға алынады. 

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...