ШҰҒЫЛ! СOVID-19: 102 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

БИЫЛ 97 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

20:00, 4 мамыр 2021

Жалпы жыл басынан бері 97 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 100 ден астам адам жарақат алып, сегізі оқиға орнында көз жұмды. Көлік апатына көбіне тізгіншілердің бей-жайлығы себеп болып отыр-дейді жол сақшылары. Жылдамдықты арттырып, мас күйінде тіпті есірткі заттарын қолдана отырып көлік жүргізетіндер жиі кездеседі. Оған қоса жолдағы жауапкершілікті естен шығарып, ұялы телефонға телміріп отыратындар да өзгеге кесірін тигізеді. Жаяу жүргінші мен жол белгілерін елеместен еліріп көлік басқаратындар да азаймай тұр. Сондықтан полицейлер  ережелерді ескерсін деп тұрғындар арасында жадынама таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.      

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
20:00, 14 мамыр 2021
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар