
Алға ауданында биыл өнер орталығының құрылысы басталады. Тұрғын үй шаруашылығын модернизациялау бағытында көпқабатты 10 үйдің қасбетін жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 40-тан астам аулаға балалар алаңдары салынады. Бұл туралы аудан әкімі Мамырғали Аққағазов пен Алға қаласының басшысы Нұрбол Сұрбаев дәстүрлі халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Жиын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай онлайн режимде өтті.