ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ АШЫЛДЫ

13:46, 18 қыркүйек 2020

 Бизнеске арналған үкімет. Ақтөбе қаласында жеке кәсіпкерлерге ғана қызмет көрсететін орталық ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған жаңа жоба "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Су жаңа орталықтың жұмысын бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин барып көрді
Кәсіпкерлік саласына қатысты сұрақтың барлығы енді бір ғана кабинетте шешілетін болды. Әр мекеменің табалдырығын тоздырып, табанынан таусылмас үшін "Бизнеске арналған үкімет" орталығы іске қосылды. 
Орталықтың ашылғаны бизнеске енді ғана бет бұрған ақтөбеліктерді қуантып отыр. Нағима Жанғазиева шоколадты құрманың алуан түрін сатуды қолға алған. Екі ай бұрын бастаған шағын ісін кеңейтсем деген ойы бар. Қорапқа салынған құрмасын да ала келіпті. Дубайлықтардың әдісімен дайындалған өніміне сұраныс көп.     
НАҒИМА ЖАНҒАЗИЕВА
КӘСІПКЕР 
Бұл идея алғашында 2008 жылы Дубайға барып келгеннен кейін пайда болды. Сол жақта құрманың әртүрлі тәттімен бірге әрленіп сатылғанын көрдім. Сыйлыққа да беруге болады. Ұзақ ойландым. Биылдан бастап өндіруге кірістім. Қазір шағын цехым бар. Енді бизнесімді үлкейту үшін неден бастасам болады деп кеңес сұрай келдім. 
САБИНА ЖАНЗАҚОВА
КӘСІПКЕР
 Мен осыдан екі жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы ісімді бастадым. Киім тігумен айналысамын. Тауарыма сұраныс көп. Тапсырушылар қатары да күн санап артып келеді. Сондықтан кәсібімді үлкейтейін деп, орталыққа келдім. Қазір анық-қанығын сұрап білемін. 
Мұнда бизнесті дамыту, біліктілікті арттыру, қаржы көздеріне қол жеткізу бойынша кеңес алады. Бастысы сол кәсіп иесі туындаған сұрақ бойынша қайда жүгіну қажеттігін нақты білетін болды. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары да осында. Қысқасы, қажет құжаттарды дайындау енді аз ғана уақыт ішінде орындалмақ. 
Жаңа жобаның жұмысын бағамдаған аймақ басшысы бизнес иелерімен еркін форматта кездесу ұйымдастырды. Жеке кәсіпкерлікті қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қатысушылардың сауалына жауап берді. 
Еліміздегі эпидахуал кезінде де кәсіпкерлер жағы қарап қалмады. Антисептик, бетперде секілді қорғаныш құралдарын шығаратын шағын цехтарды іске қосты. Бүгін осындай кәсіпкерліктің бірі жұмысын өрлету үшін мемлекеттің қолдауы қажет екенін атап өтті. Ақтөбе ғана емес, еліміздің барлық аймағына дәрі-дәрмек жеткізіп отырған серіктестік басшысы фармацевт мамандар даярлайтын академия ашу туралы жоспарымен бөлісті.

Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақты зейін қойып тыңдаған облыс басшысы оларды қаперге алып, жауапты сала  басшыларына шешіп беруді тапсырды. Қорытынды сөзінде бизнес бастаймын, жүргіземін деген әрбір азаматқа үнемі қолдау бар екенін қадап айтты. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...