ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

БОКСТАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ АЯҚТАЛДЫ

13:00, 8 ақпан 2021

Өңірде жасөспірімдер арасында бокстан ел біріншілігі өтті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Қарағанды құрамасы бірінші орынды иеленді. Одан кейінгі орындар Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы спортшыларының еншісінде. Ал түркістандық Бақтияр Анарбаев үздік боксшы атанды. Енді жүлдегі 1, 2 және 3-ші орынды иеленген спортшылар ұлттық құрамаға шақырылады. Арасында жеңіс тұғырынан көріне алмаған, бірақ алғыр боксшылар да бар. Айта кетейік, 31-ші қаңтар мен 6-шы ақпан аралығында Жекпе жек сарайында ел чемпионаты өтті. Оған 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Еліміздің әр өңірінен барлығы 280-нен астам спортшы қатысты. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар