ШҰҒЫЛ! COVID-19: ОБЛЫСТА 28 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ

16:20, 18 қаңтар 2021

Қалнияз жыраудың "Ер Қармыс" дастаны жеке кітап болып шықты. Су жаңа еңбектің кезекті тұсаукесері Ақтөбе қаласында болды. Туындының Центр кредит банкінің қолдауымен 10 мың данасы жарыққа шықты.


Жырау Қалнияз Шопықұлы қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында дүниеге келген. Ол өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін жырға қосты. Солардың бірі - "Ер Қармыс" дастаны. Аталмыш жыр бұған дейін түрлі жинақтарға енгенімен жеке дара кітап ретінде алғаш рет басылып шықты. Ол "SABU Productions" орталығының бастамасымен оқырмандарға жол тартып отыр. Туындыда  батырдың ерлігі, елдің тарихи сәттері жан-жақты суреттелген. "SABU Productions" жетекшісі Сандуғаш Тағабергенованың айтуынша, дастан көркем суреттермен безендіріліп, жас оқырманның санасына шақталып жазылған.  

САНДУҒАШ ТАҒАБЕРГЕНОВА
"SABU PRODUCTIONS" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 
"Центр кредит" банкінің қолдауымен басылып шықты. Үлкен тұсаукесер Алматы қаласында өтті. Кітап 80 беттік. Бала қызығатындай етіп қанық бояулармен 3д форматта шығарылды. Айтарым балаларға кітапқа жақын болыңдар. Өз тарихымызды білмей,  өйткені ары қарай өсін-өне алмаймыз.  

Балаларға арналған Junior карталарын шығару қарсаңында ЦентрКредит Банкі кішкентай оқырмандарға арналған кітаптың жарыққа шығуына да демеушілік етті.  "Ер Қармыс" кітабы 10 мың данамен таралып отыр. Батыр тұлғалық келбетін ашу мақсатында түрлі ізденістер жасалды. Суреттер 3D форматта, балаларды тартатындай қанық түспен салынған. Әрі дастан желісі бойынша қысқа метражды мультфильм түсіріліп жатыр. 

НҰРГҮЛ БИМАҒАМБЕТОВА 
ЦКБ "JUNIOR  BANK" ДЕРЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Банкіміз балаларға арналған Junior Card картасын шығара бастады. Junior Bank мобильді қосымшасы арқылы балалар ЦентрКредит Банкінің қызметтерін өздері пайдалана алады. Бұл сервистің көмегімен өз шығыстарыңды жоспарлап, төлемдер жүргізіп, зат сатып алып, қаржылық сауаттылығыңды артыруға болады. Ең бастысы барлық процестер қауіпсіз және ата-аналар тарапынан бақыланады

Кітаптың таныстырылымына қатысқан жас оқырмандарға "БанкЦентрКредит" АҚ  атынан арнайы сыйлықтар мен "Ер Қармыс" кітабы тарту етілді. 

АЙШУАҚ ДӘРМЕНҰЛЫ 
ТАРИХШЫ 
Бұл кітап мектеп оқушыларына арналған патриоттық тәлім тәрбие туралы өте керемет шығарма деуге болады. Сондықтан бұл кітап әсіресе балаларға жаттауға , тәуелсіздігіміздің аспаннан түспегені, оның үлкен еңбекпен, ерлікпен  келгені туралы насихаттайтын шығармалардың бірі.   

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар