ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 17 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

COVID - 19: АУДАНДАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ

16:20, 20 қараша 2020

Облыс орталығы ғана емес, аудан, ауылда COVID - 19-ға қарсы күрес жұмысы жүйелі жүргізіліп жатыр. Мұғалжардағы ауруханаға жаңа жедел жәрдем көлігі жеткізіліп, қажетті құрал-жабдықтың бәрі жаңарды. Сонымен бірге науқастардың өмірін сақтап қалуға аса қажет өкпені жасанды желдету аппараты да бар. 
Берік Ибрагимов - аудандық ауруханадағы анестезиолог-реаниматолог дәрігер. Ол 2014 жылы медициналық университетті тәмамдап, "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ауданға жолдама алған. Ең жауапты мамандықты таңдағанына өкінбейді, адамдарға көмек көрсетуді борышы санайды. Дәрігер-реаниматолог індеттің алғашқы толқыны кезінде  алдыңғы шепте жүріп, провизорлық стационарда еңбек етті. Дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, тыныс алуы нашарлаған науқастарға күн-түн демеу көмек көрсетіп, ем жүргізді. Қазір де өте сақ. Екінші толқынға дайындық жан-жақты жүргізілген. Аудандық ауруханаға 4 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді. 

Індеттің алғашқы толқыны кезінде Мұғалжар аудандық ауруханасына тәулігіне 80 адам жеткізілген. Мұнда барлығы 500-ге жуық науқас ем қабылдады. Ақ халаттылардың қажырлы еңбегі мен тынымсыз тірлігінің арқасынде көбі дертінен айығып, отбасымен қауышты. Қазір мұндағы тірлік қалыпты. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Аурухана іші екі дейгейге бөлінген. Екінші толқынға дайындық қазан айында басталып, жұмыс жүйелі жүргізілді. Қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілді. Құны 40 миллион теңге болатын цифрлы рентген аппараты жеткізілді. 
Биыл аудандық ауруханада көп іс тындырылды.  Үшінші және төртінші қабаттағы стационар бөлімі жөнделіп, медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін лифт жаңартылды. Сонымен бірге жылу жүйесі қайта жаңғыртылды.

Мұнда қазір 400-ден астам адам еңбек етіп жүр. Оның 8-і облыс орталығынан ауданға барған жас маман. 

Мереке Амангелдіқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
13:00, 19 қаңтар 2021
АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
16:20, 18 қаңтар 2021
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
20:00, 19 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
Толығырақ...