ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

COVID-19: БІР ТӘУЛІКТЕ ТӨРТ ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

20:00, 15 қаңтар 2021

Бір тәулікте 4 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Олардың үшеуі дерттің симптомды түріне шалдыққан. Жаңадан тіркелген науқастардың екеуі Ақтөбе қаласының тұрғыны болса, қалғандары Мәртөк және Алға ауданында тұрады. Науқастармен қарым-қатынаста болған 9 адам дер кезінде оқшауланды. Соңғы бес күндегі аурушаңдықтың өсу деңгейі 4 пайызға жақындапты.  
Тұрғындар өткен мереке күндері сақтық шараларын сәл естен шығарып алған сыңайлы. Соның әсері ме аурушаңдық деңгейі біршама артыпты. Әйтпесе, жауапты мамандар аты жаман ауруды көбейтіп алмас үшін қолдан келгенше тырысып бағуда. Соның өзінде жыл басталғалы 56 адам вирус жұқтырып, дәрігер көмегіне жүгінген. 

Дерт дандайсып кетпес үшін тұрғындардың әр басқан қадамы бақылауда. Мамандар, бетперде тақ, арақашықтықты сақта, қолыңды антсептикпен өңде деуден жалыққан емес. Құлақ асқысы келмейтіндер өзін де өзгені де, тығырыққа тірейді. Мұндайлар мобильді топтың құрығына ілініп, қомақты көлемде айыппұл төлеуге мәжбүр.  

Бір қуантарлығы өңір эпиджағдай бойынша жасыл аймақта тұр. Деседе елдегі өзге өңірлердің күрделі ахуалын естен шығармаған жөн. Қазір Ақтөбеде бұл аурудан 83 науқас ем алып жатыр.   

Жыл басынан бері 3784 науқас тіркеліп, олардың 99 пайыздан астамы жазылып шықты. Ал, 400-ге жуық емделуші үй карантиніне алынды. 

Тақырып бойынша материалдар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:00, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАХМАТШЫ С.ТӨЛЕУШЕВАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
20:00, 19 ақпан 2021
ШАХМАТШЫ С.ТӨЛЕУШЕВАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...