
Өткен тәулікте қалада 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың тең жартысы дерттің симптомды түріне шалдыққан. Аурушаңдықтың өсу деңгейі - 0,5% құрады. Жалпы облыста бүгінге дейін барлығы 3841 жағдай тіркелді. Оның 96 пайызға жуығы жазылды. Қазіргі кезде тағы 400-ге жуық адам карантинде. Олардың бәрі дәрігерлер бақылауына алынған.