
Өткен тәулікте өңірде 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырғандардың бәрі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Қызуы көтеріліп, жөтеліп, дәрігер көмегіне жүгінгендер қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Облыс бойынша аурушаңдықтың өсу деңгейі 0,2% құрады. Айта кетсек, бүгінге дейін 4112 жағдай тіркелді. Оның 95 пайыздан астамы жазылды. Қазіргі кезде үй карантиніне алынғандар саны 800-ге жуықтады. Олар ақ халаттылардың бақылауында болады.