
Өңірде тағы 121 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 93-і вирустың симптомды түріне шалдыққан. Әдеттегідей басым бөлігі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Сонымен бірге Ойыл ауданынан өзгесінде де бірер адам ауырып, дәрігер көмегіне жүгінген. Аурушаңдықтың өсу деңгейі 2 пайыздан асты. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, COVID-19-ға шалдыққандардың саны 6 мыңнан асып кетті. Оның 80 пайызға жуығы жазылды. Қазір 3 мыңға жуық адам карантинде. Олар екі апта үйден шықпай, дәрігер бақылауында болады.