
Өткен тәулікте өңірде 14 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Көбі вирустың симптомды түріне шалдыққан. Ақтөбе қаласы, Алға, Хромтау аудандарының тұрғындары қазір дәрігерлер бақылауында. Облыс бойынша барлығы 4035 жағдай тіркелсе, оның 95 пайыздан астамы жазылды. Қазір 700-ге жуық адам үй карантинінде. Олар науқастармен қарым-қатынаста болғаны үшін екі апта бойы мамандардың назарында болады.