ШҰҒЫЛ! COVID-19: ОБЛЫСТА 28 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

COVID-19: ӨҢІРДЕ 17 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

20:00, 22 қаңтар 2021

Жөтеліп, дене қызуы көтерілгендер суық тию белгілерінен соң үйінде емделе берген. Салдарынан коронавирус инфекциясына шалдыққандар ауруын асқындырып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірден учаскелік дәрігердің көмегіне жүгінуді ұсынады.

Қауіпті індет қайтадан бас көтере бастады. Өткен тәулікте өңірде 17 адам коронавирус инфекциясын  жұқтырған. Аймақтағы аурушаңдықтың өсу деңгейі 0,4% құрайды. Халық саны көп облыс орталығында ғана емес, ауыл-аймақ тұрғындарынан да вирус анықталды. 

Короновируспен қатар пневмонияға шалдыққандар да бар. Соңғы тәулікте осы  диагнозбен 3 науқас тіркелген. Карантиндік стационарлардағы науқастар саны 33. Олардың 22-сі Ақтөбе қаласында болса,10-ы Мәртөк, біреуі Қарғалы ауданында ем қабылдап жатыр. 

Өңірде 5 зертхана жұмыс істеп тұр. Індет басталғалы бері облыста 272 мыңнан астам адам ПТР зерттеуден өткен. Бұл алдын-ала тексерістің зияны жоқтығын білдіреді. Себебі,вирус жас талғамайды. Ауру жұқтырғандар арасында кішкентай балалар мен жүкті әйелдер де бар. 

Соңғы мәліметтер бойынша вирустан көз жұмғандардың саны төртеу. Олар Ақтөбе қаласының және Мәртөк,Темір аудандарының тұрғындары. Ал жан сақтау бөлімінде 11 науқас жатыр. Олардың үшеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мамандар өңір тұрғындарына өз бетінше ем-дом жасамай,бірден дәрігердің көмегіне жүгіну керектігін қатаң ескертеді. 
Егер тұрғындардың үйден емделуі жалғаса беретін болса, вирусты ауыздықтау мүмкін болмай қалады. Сондықтан әр азамат тек өз болашағы үшін емес,өзгелердің өміріне де жауапты екендігін естен шығармауы керек.

Елдос Есенболұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар