
Өткен тәулікте өңірде 8 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ақтөбе қаласы, Хромтау, Мәртөк аудандарының тұрғындары дерттің симптомды түріне шалдыққан. Қазір науқастармен байналыста болған 600 адам үй карантинінде. Олар екі апта бойы дәрігерлер бақылауында болады. Жалпы облыста күні бүгінге дейін 4051 жағдай тіркелді. Оның 95 пайыздан астамы жазылды.