ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНА САЛДЫРУ - САУЛЫҚ КЕПІЛІ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

16:20, 22 шілде 2021

Ақтөбеге Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен келді. Тосын індетке қарсы штаб отырысында өңірдегі денсаулық сақтау мәселесі әңгіме болды. Бүгінде облыс бойынша әзірленген 24 инфекциялық стационардың 18-і іске қосылған. Мұнан бөлек, 37 медициналық мекеме халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді. 150-ден аса мобильді бригада жұмыс істейді. Осы кезге дейін 400 мың доза вакцина жеткізіліп, иммундау шарасының алғашқы кезеңіне 200 мыңнан аса ақтөбелік қатысты. Әлі де жалғасып жатыр. Рейдтік тексерулердің нәтижесі бойынша 47 бақылау тобы 57 млн теңгеден астам айыппұл салды. Қазіргі уақытта мыңға тарта кәсіпкерлік нысан "Ashyq" қосымшасын қолданады. Оқшаудау тәртібін бұзған 204 адам анықталып, "қызыл" мәртебесі бар бес ақтөбелік әкімшілік жазаға тартылды. Еліміздің бас дәрігері Алексей Цой ковидке қарсы жұмыстар жайын баяндады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАЛҒАН ПТР АНЫҚТАМА САТҚАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ҰСТАЛДЫ
16:20, 19 шілде 2021
ЖАЛҒАН ПТР АНЫҚТАМА САТҚАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...