ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰР

18:43, 25 қыркүйек 2020

 Дәрі-дәрмек бағасы бақылаудан түспеуі тиіс. Індет кезінде кейбір дәріханалар күнделікті тұтынынатын антибиотик құнын аспандатып жібергенін білеміз. Карантин уақытында тұрғындар бастың амандығын ойлап, жаппай саудалады. Артық үрейдің салдарынан кейбір дәрі тапшы болды. Сол кезде іске кіріскен арнайы топ өкілдері көптеген келеңсіз оқиғаны тіркеді. Нәтижесінде 73 әкімшілік іс қозғалып, 32 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Бүгінгі жиында олар есеп беріп қана қоймай, бұл мәселе бойынша жұмыс жалғасатынын айтты. 
Өткен күннің бәрі тарих. Кешегі дүрбелеңде дәрі іздеп, жанталасқан ағайынның дегбірі қашқанын көрдік. Сөресі бос қалған дәріхананы да көз шалды. Бүгінгі жиында сол күндердің есебі сөз болды. Кеткен кемшіліктерді аз деп айту қиын.
ДАРИҒА ЕЛЕУОВА
ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ 
Карантин уақытында облыс дәріханаларында дәрі-дәрмектің бағасы көтерілді. Мониторинг топ жүргізген тексеру жұмысы нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлік нысан иесіне әкімшілік құқықбұзушылық туралы  іс қозғалды. Жалпы бүгінгі күні облысымызда 369 дәріхана бар. Оның 277-сі қалада, қалған 90-ны аудандарда қызмет көрсетеді. Ондағы дәрі-дәрмек бағасы біздің назарымызда екенін айтқым келеді.
Арнайы топтың дерегін сөйлетсек, бас шайқауға тура келеді. Дәрі-дәрмектерге шекті бағаның артуы бойынша 73 әкімшілік іс қозғалған. Ал, 32 миллион теңгеге жуық айыппұл салынуын мамандар қуанатын мәлімет емес дейді.
Бүгінгі күні облыс тұрғындары дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген. Баға да үнемі назарда болады. 


Дархан  Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 19 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...