ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ДЗЮДОДАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨТЕДІ

20:00, 15 ақпан 2021

Өңірде жасөспірімдер арасында дзюдодан ел біріншілігі өтеді. Еліміздің әр өңірі мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан  2004, 2005, 2006 жылы туған спортшылар бақ сынайды. Әр аймақ 16 салмақ дәрежесі бойынша құрама жасақтаған.  Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары және жүлдегерлері ұлттық құрама сапына іріктеліп, Азия мен Әлем біріншіліктеріне жолдама алады. Бес күнге жоспарланған жылдың маңызды додасын спорт сүйер қауым тікелей эфирден ғана тамашалайды. Өйткені санитарлық талап қатаң сақталады. Спортшылардың әрқайсысынан ПТР сынаманың қорытындысы сұралады. Сонымен бірге өңірде гір және қол күресінен ел чемпионаты ұйымдастырылады. Екі жарыс та 17-22 ақпан  аралығында өтеді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар