ШҰҒЫЛ! ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТЫ Толығырақ

ЕКІ АҚТӨБЕЛІК ДӘРІГЕР «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

16:00, 23 маусым 2022

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Президент жарлығына сәйкес ақ халаттыларға мемлекеттік наградаларын табыс етті. Олар жедел медициналық жәрдем беру қызметінің дәрігері Мақсот Еркебаев пен №2 қалалық емхананың дәрігері Орындық Қаракүшікова. Бірі отандық медицинаны дамытуға үлес қосса, екіншісі азаматтардың өмірін сақтап қалуда аянбай еңбек етті. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының бірқатар мемлекеттік қызметшісі кәсіби мерекелеріне орай облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиева «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін иеленді. Ал ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиев, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Роза Әленова «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальін алды. Облыс әкімі өңірдің барлық мемлекеттік қызметшісін кәсіби мерекесімен құттықтап, табыс тіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар