ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЕКІ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

18:38, 9 желтоқсан 2019

 

 Қобда ауданындағы Білтабан және Егіндібұлақ ауылының тұрғындар көптен күткен қуанышқа кенелді. Ауданның 90 жылдығы мен тәуелсіздік мерекесіне орай екі ауылға газ берілді. Тұрғындардың қуанышын әріптесім Ерлан Мұқан жеткізеді. Білтабан ауылына газдың берілгені тұрғындар үшін үлкен жаңалық болды. 130-дан астам түтіні бар ауылдың қазір 10 пайызы газға қосылған. Өзгесі құжаттарын дайындап жатыр. Ал көпбалалы екі отбасыға газ құбырын тарту үшін әкімдік 140 мың теңге бөлді. Бұл жерге көгілдір отын 15 шақырымдағы Қобда-Бестамақ магистралды газ құбырынан тартылған. Мал шаруашылығымен айналысатын ауылда енді көмір тасып, отын жарған күндер артта қалды. Ауыз су орталықтандырылған жүйеге қосылған. Осымен инженерлік желі түгел тартылды. Егіндібұлақ ауылының тұрғындар көгілдір отынды ширек ғасырдан бері армандап келеді. Қазіргі кезде ауылдағы 83 үйдің 90 пайызы газ құбырына қосылған. Жаңа газ құбыры тұрғын үймен қатар мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандарды толық қамтамасыз етуге жарамды. Шарада облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин жиылған жұртты қуанышты жаңалықпен құттықтады.  
Ауылды газ желісіне қосу жұмыстары облыс әкімдігі мен "Казтрансгазаймақ" компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асты. Аудандағы 4 ауыл мен "Қобда - Бестамақ" магистралды газ құбырын тартуға 1 миллиард 200 млн теңге жұмсалған. Газ желісінің салтанатты ашылу рәсіміне ауыл ақасақалы мен мемлекет қайраткер Елеусін Сағындықов қатысты. Бірінші Мұқан ақсақалдың үйі орталықтандырылған газды тұтынды. Қарылға Ізбасова көгілдір отынға қолы жеткеніне әлі сене алар емес. Енді отын тасып, күл шығарған бейнеттен арылдық дейді ол. Қобда ауданы тұрғындарының 47 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Соңғы бір жыл ішінде 4 елді мекенге газ құбыры жүргізілген. Ал келер жылы Жаңаталап, Терісаққан, Жарсай, Сарбұлақ ауылдарына көгілдір отын беру жоспарланып отыр. 
Ерлан Мұқан 

Тақырып бойынша материалдар

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚ БАЛУАНДАРЫ 5 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
15:57, 21 қаңтар 2020
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚ БАЛУАНДАРЫ 5 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар