ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРЫШТАҒАН АҚТӨБЕНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ НАШАР

20:00, 26 қараша 2020

 Қанша айтылып, жазылса да өңірде экология мәселесі өзектілігін  жойған жоқ. Алдымен Ақтөбенің ауасы лас. Зерттеулер атмосферадағы күкіртсутектің мөлшері шамадын тыс екенін анықтады. Шалқар көлі жоғалудың аз-ақ алдында тұр.Табанына химиялық қалдықтар шөккен Елек өзенінің де тағдыры таразы басында. Оған қоса жер асты сулары  шошқа өлексесімен  ластануы мүмкін деген де болжам бар.
 
Ақтөбе - өндірісті өңір. Өнеркәсіптің қарыштап дамуы экономикаға еселеп пайда әкелгенімен, өңір экологиясына тигізіп жатқан кесірі көл-көсір.  Облыстың бас экологы Нұржан Аққұлдың айтуынша, аймақта  I санаттағы 185 кәсіпорын бар.   Қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп отырғандар мұнай-газ кешені, тау-кен өндіру, металлургия, химия және жылу энергия кәсіпорындары.
 
Атмосфераның ахуалы осындай. Гидросфера да гүлденіп кеткен жоқ.  Кезінде арнасы суға, жағасы аң-құсқа толған Елек өзенінде хром қосындылары шамадан тыс көбейіп кеткен.  Мұнай өндіру кезінде Көкжиденің жерасты су қоры да ластанған. Ал Шалқар көлінің түбінде қалыңдығы 1,5 метр болатын лай қабаты жиналып, балықтар қырылып жатыр.  
 
Экология департаментінің мамандары қазір Бестамақтағы шошқа фермасында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Онда жерді қазып, шошқаның ішек-қарны,терісі мен өлекселерінің заңсыз көмілгені анықталды. Мамандар биологиялық қалдықтарды  қайта қазып алып, оны жоюмен айналысуда. Аталған шаруашалық бұған дейін де экологтардың назарында болған. 
Табиғат жанашырлары белгіленбеген жерде медициналық қалдықтарды жағу фактісін әшкереледі. 
 
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар