
Өңірде тұрғындарды тосын індеттен сақтау үшін вакцинациялау жұмысы жүріп жатыр. Жалпы облыс бойынша 460 мың адамға екпе беру жоспарланған. Осы кезге дейін 12 мыңнан астам "Спутник V" екпесі жеткізілді. Бүгін тағы 20 мың доза әкелінбек. Айта кетейік, қазіргі күні 9373 адам егілді. Облыстың барлық медициналық мекемесінде 34 вакцинациялау пункті ұйымдастырылған. Оның ішінде 14-і аудандарда, 20-сы қалада орналасқан. Осы орайда №6 емхананың бас дәрігері бұл жұмыстың жүйелі жүріп жатқанын айтады.