
Өңірде дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Еліміздің 12 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 670-ке жуық жас дзюдошы қатысы жаьыо. Әр аймақтан 16 салмақ дәрежесі бойынша ерлер мен қыздар құрамасы жасақтаған. Қазіргі көрсеткіш бойынша Қостайнай спортшылары алда келеді. Ел біріншілігінде жеңімпаз және жүлдегер атанған татами шеберлері ұлттық құрама сапына іріктеліп, Азия Чемпионаты мен Әлем біріншіліктеріне қатысуға мүмкіндік алады. 5 күнге жоспарланған доданы спорт сүйер қауым әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирден ғана тамашалайды. Санитарлық талаптар қатаң сақталады.