ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ

22:25, 3 сәуір 2020

Біз біргеміз! Әлемді әбігерге салған індетпен күресіп жүрген дәрігерлер қауымы құрмет лайық. Осыны білген  ақтөбелік ақын-сазгерлер абзал жандарға ән арнады. Сиясы кеппеген туындыны  өңір өнерпаздары шырқады. Есті әнге біздің арна бейнебаян түсірді. Кеше ғана әлеуметтік желіге жүктелген клип көптің көңілінен шықты. Жүректерді тебірентті. Толассыз пікір жазып жатқандар көп. Ерлан Мұқан материалынан толығырақ...  Көп көңіліне жол тауып жатқан әннің авторы- Дулат Айтжанов. Індетпен алысқан дәрігерлердің жанкешті еңбегін күніге  көзіміз көріп отыр.  Ақ халатты абзал жандар қандай құрмет-қошеметке де лайық. Осылай деп толғаған композитор ел еңесін көтеруді де ұмытқан жоқ. Өйткені үрей-қорқыныш көпті жегідей жеп барады. Көпті тебіренткен әнге рухты сөз жазып айшық берген айтыскер ақын Марат Ахметов пен  ақын-сазгер, мәдениет қайраткері -Орал-Қосай Байсеңгір. Әні әлемге  тараған композитордың жаһанды  тарының қауызына сыйдырған алмағайып уақытта осылай үн қосуы  орынды-ақ. Жүрекке жеткен сөз ғана жанға дәру,  емге шипа болмақ. Плацебо эффектісі деген бар ғой. Жақсы сөз жарым ырыс. Ән әлем желіге жүктелісімен қазақстандықтардың зор қолдауына ие болды. Респбуликаға танымал комипозитор Бейбіт Оралұлы фейсбук парақшасында туындының ерекше  әсер еткенін жазған. Жұртшылық та осындай пікірде. Ал клипке түсіп, ән орындағандар   Ғ.Жұбанова атындағы филармонияның әншілері.  
Жаугершілік заманда  небір аузы дуалы жыраулар батырдың жігерін жану үшін олардың ерлігін әмбеге төгілте жырлаған. Бұл да сол іспетті. Осындай қиын шақта дәрігерлердің ерен еңбегін көпке ұғындыру үшін арнау айтылды. Өйткені олар- бейбіт күннің  батырлары. Құрметті дәрігелер, біз біргеміз! 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар