ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 366 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

17:52, 18 қараша 2021

Елбасы Словенияның экс-президенті Данило Тюркпен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Мадридтік клубтың президентіне Астана клубы алаңында көтерілген мәселелерді шешуде белсенді жұмыс атқарғаны үшін зор алғысын білдірді. Басқосуға еуразиялық аймақтағы ықпалдастық тақырыбы өзек болды. Сондай-ақ, елбасы Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен жүздесті. Нұрсұлтан Назарбаев құрметті қонақтың Астана клубы барысында көтерген бастамаларына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Абдулла Гүл елбасының аймақтық және еуразия құрлығындағы қауіпсіздік пен келісімді нығайтудағы рөліне жоғары баға берді. Елбасы Британия-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудманмен кездесті. Мәртебелі мейман  «Астана клубының» отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді кездесіп, талқылауға мүмкіндік жасалғаны үшін Елбасыға алғысын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев «Біртұтас Грузия - демократиялық қозғалыс» партиясының төрағасы Нино Бурджанадземен де кездесті. Қос тарап өңірлік күн тәртібін және халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың алдағы перспективаларын жан-жақты талқылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 33 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ
16:20, 17 қаңтар 2022
ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ОБЛЫСТА 33 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫ...
Толығырақ...