
Елдегі дүрбелең кезінде іркіліп қалған біраз сала қайта жанданып, жұмыстарына кірісті. Жасыратыны жоқ, бүлік кезінде қар тазалау, қоқыс шығару мәселесі қиындап, қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылған еді. Оның үстіне ереуілдетіп жүріп, вирустың тез таралып кеткенін де байқамай қалдық. Аталған салалардағы ахуалды аймақ басшысы аралап көрді.