ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫ ӨҢІР

16:20, 16 ақпан 2021

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей өңірде белгілі бір шектеулер әлі де сақталған. Соған қарамастан  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне қол жеткізген аймақтар бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты деп хабарлады ҚазАқпарат. "Ел ішіндегі эпидахуал тұрақты. Қаңтар айында сегіз өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалды. Олар - Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары», - деді Асқар Мамин. Үкімет басшысы бес өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатындығын айтты. Олар - Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары. Ал Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қол жеткізген көрсеткіші төмен.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар