
Мұғалжар ауданы әкімінің де дәстүрлі есеп беру кездесуі онлайн режимінде өтті. Аудан басшысы Асқар Шерияздановтың мәліметінше, осы жылы Жұрын және Елек ауылдарының тұрғындары көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізеді. Талдысай, Басшилі, Құмсай, Жарық және Шеңгелші елдімекендеріне ауыз су құбырын тарту көзделіп отыр.