ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 46 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕЛІМІЗДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

10:00, 25 шілде 2021

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Барлығы 730 елді мекеннің әкімі сондағы тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы анықталмақ. Айтып өтейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында сайлау өткізу туралы тапсырма берілген болатын. Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметі бойынша осы 730 сайлау округінде 2582 кандидат ұсынылған. Солардың 2297-і тіркеуден өткен. Кандидаттардың басым бөлігі - өз-өзін ұсынушы. Сондай-ақ, 878 үміткерді Әділет министрлігінің тіркеуінде бар 6 саяси партия ұсынған. Халықтың дауыс беруі арқылы әкім болғысы келетіндердің гендерлік құрамына келсек, ер үміткерлердің саны -1839. Солармен бірге 458 әйел үміткер бағын сынағалы отыр. Өз үміткерлерін ұсынған партиялардың атынан қатысатын байқаушылардан бөлек, «Партиялық емес бақылаушылар орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі де дауыс беру процесінің әділ өтуін қадағалап отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар