
Елімізде кейбір уран кен орындары қараусыз қалып отыр. Сенатта атом энергиясын пайдалану туралы заңға енгізілетін өзгерістерді талқылау кезінде КСМ: депутат Сергей Ершов осы мәселені көтерді. Айтуынша, қазір Ақмола облысына қарасты Степногорск, Красногорск өңірлеріндегі уран кендері ашық-шашық жатыр. Ешқандай күзет қойылмаған. Бақылау жоқ. Ескі техникалар кен орнында қалған. Ал жақын маңдағы халыққа радиациялық қауіптің қаншалықты зиян екені ешкімге беймәлім, - дейді сенатор.