
Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Кеше бірде-бір адам денсаулығына шағым айтып, дәрігер көмегіне жүгінбеген. Вирус жұқтырғандар анықталмады. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, бүгінге дейін барлығы 4191 жағдай тіркелсе, оның 94 пайыздан астамы жазылды. Қазіргі кезде 700-ден астам адам үй карантинде. Олардың бәрін дәрігерлер өз бақылауына алған. Айта кеткен жөн, еліміз бойынша да COVID жұқтырғандар саны азайып кетеді. Қазір қызыл аймақта тұрған облыс жоқ.