ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 206 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЕР ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

20:00, 2 сәуір 2021

 Қалада соғыс ардагері, еліміздің  экономикалық-әлеуметтік, саяси, рухани дамуына үлес қосқан Амантай Әліпұлына ескерткіш тақта ілінді. Елеулі шара кезінде еңбек ардагерлері естеліктерімен бөлісіп, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерліктерін айтып берді. Тарихқа жүгінсек, Амантай Әліпұлы 1924 жылы дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті үздік бітіріп, қарт әкесі Әліптің жетелеуімен Алматыдағы орыс-қазақ педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1941 жылы сол оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Ақтөбе облысына қызметке жолдама алады. Бірақ ол шәкірт тәрбиелеймін деген ізгі ойын жүзеге асыра алмады. Өйткені, сол уақытта соғыс басталып кетті. Жас жігітті 1942 жылдың тамыз айында әскер қатарына шақырды. Чкалов зениттік-артиллериялық училищесінде бір жыл оқып, артиллерия командирі болып шыққан Амантай Әліпұлы  Ленинград майданынан бір-ақ шығады. Прибалтика, Эстония, Латвия, Литва үстімен жалғасады. Белоруссияны азат етуге қатысады, Польша арқылы өтіп, Берлинде кеңестік қаруластарымен бірге жеңісті қарсы алды. Жиналғандар соғыс аяқталған соң оның еліміздегі ауыл шаруашылығы, экономика саласының дамуына үлес қосып, жастарды тәрбиелеуде ерен еңбек еткенін тілге тиек етті.

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ КИМ СЕРІКБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ
20:00, 19 сәуір 2021
ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ КИМ СЕРІКБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ
Толығырақ...
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
20:00, 19 сәуір 2021
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар