ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ

18:36, 3 сәуір 2020

Өңірде тағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл жолы ерлі-зайыпты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер отағасының Алматы, Нұр - Сұлтан қалаларында іссапарда болғанын хабарлады. 
Бұл екі жағдай да кеше кешкілік анықталған. Облыстың бас санитарының сөзіне сүйенсек, 1-ші сәуір күні қала тұрғыны жеке емдеу мекемесіне барып, тынысы тырылғанын, қызуы көтерілгенін айтқан. Сол жерде бірден оқшауланып, жедел жәрдем шақырылды. Провизорлық госпитальге жатқызылған соң індет жұқтырған адаммен байланыста болғандар анықталды. Олар: отбасы, туған-туысы мен әріптестері, емдеу мекемесінің қызметкерлері. 
ӘСЕТ ҚАЛИЕВ 
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
Анализ алғаннан кейін оң мәнді нәтиже берді.... екеуі де арнайы боксталған палатаға жатқызылды
Ер адам Алматы, Нұр -Сұлтан қалаларында іссапарда болған. Коронавирус инфекциясын сол кезде жұқтыруы мүмкін. Қазір науқастың жан-жағындағы 56 адам да карантиндік госпитальге жатқызылды. Ал көпқабатты үй дезинфекцияланып, бір подъезд жабылды. 
ӘСЕТ ҚАЛИЕВ 
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
Ол жердегі тұрғындар қазір шыға алмайды..... шектеу шараларының барлығын қабылдауларыңызды сұраймыз
Айта кетсек, инфекция жұқтырған 6 науқастың денсаулығы тұрақты. Біреуінің жағдайы - орташа ауыр. Дәрігерлер оқшаулану індеттің алдын алуға арналған ең ұтымды әдіс деп отыр. Еншеде, аса қажет болмаса, үйден шықпаңыз

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар