ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ

13:00, 8 ақпан 2021

Өңірімізден шыққан белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сәтбай Қабақбаевтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды. Ол Шалқар қаласының №2 орта мектеп-гимназиясын тәмамдап, жоғары оқу орнында білім алған. Кейін ұзақ жылдар бойы Ақтөбе, Алматы қалаларында ұстаздық етіп, аудармашылықпен де айналысқан. "Алгебраға кіріспе", "Ықтималдық және статистика" оқулықтары соның дәлелі. Мемориалды тақта ғалым білім алған мектеп ғимаратынының қабырғасына ілінді. Салтанатты шараға ауданның құрметті азаматтары қатысып, Сәтбай Қабақбаетың ғылым жолындағы жетістіктері мен өскелең ұрпаққа үлгі  болар қасиеттерін еске алды. Ағасы Жаңғабыл Қабақбаев пен қызы Света Сәтбайқызы пәндік кабинет жасақтау үшін қомақты қаржы бөлді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар