
Хромау ауданының Көктау кентінде екі адам газдан уланып қалды. Қазіргі уақытта 1987 және 1990 жылы туған ауыл тұрғындары ауруханада жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр. Сонымен бірге Темір ауданында да қайлығы жағдай болды. Саркөл ауылында 1951 және 1976 жылы туған екі адамның денесі табылды. Болжам бойынша олар да ыстан уланып, көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті, газ және газ пешін қолдану ережесін қатаң сақтауды ескертеді.