ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

"ХАЛАЛ" ТАҢБАСЫНЫҢ ТАЛАБЫ

17:20, 22 қазан 2020

 Бүгінде шетелдерден ағылып келіп жатқан күмәнді азық-түліктің адал, харамын ажырату қиын. Тексерістен өткізу барысында кей тағамның құрамында адам ағзасына зиянды, улы заттардың табылуы әлем елдерін ойландыра бастады. Сондықтан xалал тағамдарға күннен күнге сұраныс артып келеді. Талап та күшейді. Халал өнімдерін сататын сауда нүктелері үнемі бақылауда. 
Алдымен халал сөзіне түсінік бере кетсек. Бұл - діни термин. Араб тілінен қазақшаға аударғанда «рұқсат етілген», «адал», «таза» дегенді білдіреді. Десе де осы халал белгісі бар тауар бизнестің көзі болып тұр. Арнайы рұқсаты болмаса да орайын келтіріп, саудаларын жүргізіп отырғандар бар. Қарапайым халықты бұлай алдауға болмайды. Енді халал өнім сататын кез келген дүкен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бақылауында болады. Өнім 100 пайыз стандарттау орталығынан өтуі тиіс. Қазіргі кезде мұндай бағытта ақтөбеліктермен қатар еліміздің бірнеше қаласында түрлі тағам дайындап жатыр. Діни басқарма олардың қатары артатынына сенімді.
Айта кетейік, Ақтөбеде екі күннен бері "Халал апталығы" өтуде. Облыстық діни басқармасының өкілдері ұйымдастырған аталмыш шараның негізі мақсаты - өңірде халал өнімін талапқа сәйкестендіру туралы түсінік жұмыстарын жүргізу. Бүгінде облысы көлемінде бұл бағытта жұмыс істейтін 16 сауда орны бар. Яғни, діни басқарамаға қарасты осы іспен айналысар мекеменің арнайы рұқсатын алған.
Мамандар кездесуге қатысқан кәсіпкерлерге халал өнімдерін халыққа адал, таза жолмен ұсынудың маңызын түсіндірді. Олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Діни өкілдер мұндай ақпараттық түсіндіру жұмысы жалғасатынын айтады. Қалай десек те халал өнімін саудаламас бұрын арнайы рұқсат керек екенін естен шығармаған жөн. 

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...