ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ БАСТАЛДЫ

19:07, 17 қаңтар 2020

 Мектеп, балабақша, жол мен газ. Мұғалжар ауданы әкімінің есеп беруіне келген ауыл тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылым мәселесін бірінші қозғады. "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жобаларды іске асыруға интернеттің жоқтығы қолбайлау. Әсіресе білім мен денсаулық сақтау саласында сандық жүйеге көшу мүмкін болмай тұр. Ауылдардағы әкім есебі келесі бейнематериалда. Мұғалжар ауданындағы Талдысай ауылы мал және егін шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы ауылдағы шаруа "Сыбаға" бағдарламасы аясында 105 бас ірі қара сатып алды. Алдағы уақытта мұнда 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы қолданысқа беріледі. Етті экспортқа тапсырып жатыр. Ауылдық округтің әкімі Қазыбек Аққайнардың айтуынша, 100 орынды мектеп салуға ұсыныс берілген. Ауыл халқы, медицина қызметкерлері интернет желісін қосуды сұрап отыр. Ауданда 39 елдімекен болса, оның 16-сы газ тұтынып отыр. Өзгесі кезегін күтеді. Жоба бойынша Қандыағаштан Жұрынға, одан Қаракөлге құбыр тартылуы керек. Құны - 3 миллиард теңге. Мұғалжардың бюджеті 10 миллиард теңгеге жуық. Бюджеттің үштен бір бөлігін газдандыруға жұмсау мүмкін емес. Сондықтан облыс пен республика трансферті сұралды. Мұны жан-жақты түсіндірген аудан әкімі Жұрын ауылын көгілдір отынмен қамту күн тәртібінен түспегенін жеткізді. Мұндай кездесу Сағашилі ауылында да өтті. Әкімнің есеп беру кездесуі Қандыағаш қаласында да өтті. Мұнда 36 мыңнан астам тұрғын бар. Аудан орталығында қазір 1 мыңнан астам адам пәтер кезінде тұр. Оның 130-ы биыл баспаналы болды. Қандыағашта соңғы жылдары абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүйелі іске асырылғаны белгілі. Енді оны күтіп ұстау, қала мәдениетін сақтау қажет.  Аудандағы барлық ауылда әкімдер есеп беріп жатыр. Ал Мұғалжар ауданы әкімінің қорытындысы есебі 31-ші қаңтарда өтеді. 

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰР
18:43, 25 қыркүйек 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕК МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...