
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қайырымды істер марафоны жалғасып жатыр. "Жауынгерлік бауырластық" қоғамдық қорының өкілдері қаламыздағы № 16 мектепте акция ұйымдастырды. Аталған білім ордасында халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан 80-ге жуық оқушы дәріс алады. Ауған соғысының ардагерлері он екі оқушыға қысқы күртеше сыйлады. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар бар.