ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

ІНДЕТТЕН ҚАЗА БОЛҒАНДАР ҚАЛАЙ ЖЕРЛЕНЕДІ?

19:05, 3 сәуір 2020

 Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? ҚМДБ қауіпті жұқпалы аурудан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты жаңа пәтуа бекітті. Тізімде Covid-19 инфекциясы да бар. Елде  індеттің ілмегіне іліккендер саны 500-ге таяды. Өкінішке қарай 3 адам көз жұмды. Аты жаман вирустан  қаза болғандар қатаң сақтық шарасымен жер қойнауына тапсыралады. Шариғат бойынша қайтыс болған адамды  жуындыру, кебіндеу, оған жаназа намазын оқу және жерлеу - парыз. Санитарлық талап мынадай : о дүниелік болған адамның ең жақын туыстары мен имам жаназаға қатысыды. Мәйітпен арақашықтық  кем дегенде 3 метр, жаназа уақыты 30 минуттан аспауы тиіс.  Діни басқарманың кеңесі өте қауіпті жұқпалы аурудан мерт болған адамдардың мәйітін жуындыруға және жерлеуге қатысты мынадай пәтуә берді. Тағы ескеретін жайт. Індеттен қаза болған адамның мүрдесі туыстарына берілмейді. Ал, Төтенше жағдай кезінде бақилық болған адамды  жерлеу үшін қайтыс болғандығын растайтын анықтама керек. Сонда ғана өңір ішінде басқа елдімекенге барып жерлеуге  рұқсат етіледі. Ажал айтып келмейді. Карантин уақытында дәм тұзы тауыслғандарды соңғы сапарға жөнелту  рәсімі мейілінше аз адаммен өтуі тиіс. Ал ас-садақалары мейілінше кейінге шегеру қажет. Бұл бұқараның  саулығы үшін дейді имам.  Өзге де дәстүрлі діни шаралар мен рәсімдерге қатысты  ақпаратты "Нұрғасыр" орталық мешітінен білуге болады. Рамазан  айында ораза ұстау кейінге шегіреледі деген қауесет бойынша әзірге нақты шешім шыққан жоқ. 

ЕРЛАН МҰҚАН

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар