ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

ІС ТІГУДІ КӘСІП ЕТКЕН ТІЛШІ

21:03, 2 сәуір 2020

Күннен-күнге облыс тұрғындары қашықтан жұмыс істеуге ауысып жатыр. Бірі музыкамен айналыса бастаса, бірі үй жағдайында спортпен шұғылдануға ден қойды. Ал, енді бірі дәл қазіргі жағдайда қоғамға пайдалы іспен айналысқанда жөн көреді. Олардың қатарында біздің арнаның қызметкерлері де бар. Келесі сюжетке назар салайық... Анастасия күніне 30-ға жуық бетперде тігеді. Қазір көйлек-көншік пішіп отыратын уақыт емес. Мұндай кезде халыққа қажетті маска тіккен жөн. Осыны ескерген әріптесіміз аллергия тудырмайтын, тыныс алуға кедергі келтірмейтін шыт матадан түрлі бетперде пішіп жатыр. Сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік алып, бала тәрбиесімен айналысатын уақыт тапқанына да әріптесім дән риза. Көп уақытын балабақшада өткізетін қызы Райанамен екеуі сурет салуды да хобби еткен. Қағаз бетіне майлы бояумен Эйфиль мұнарасы салып жатыр. Бұл қылқалам туындысы пәтерінің қабырғасына ілінбек. Ал, Райана суретін балабақшаға алып барамын,- дейді. Бұдан өзге олар бірмезгіл ой-өрісті дамытатын домино, лото, джинго секілді үстел ойындарына да уақыт бөледі. Жазу-сызуды үйреніп, логикалық есеп шығарып мектепке дайындалады. Ал, физикалық жаттығудың орнына сүйікті әншілерінің әуеніне би билеуді қалайды. Осылайша тележүргізуші-журналист Анастасия Евсеева қашықтан жұмыс істеуге үйренісіп кеткен. үйде құр отырмай, уақыт тауып қайырымдылықпен де айналысады. Бүгінгі жағдайда үйде отырудың маңызы зор. Қауіпті вирустың таралуына жол бермейік! дегенді айтады. ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар