ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН АҚТӨБЕЛІК РЕСЕЙДЕ ҰСТАЛДЫ

20:00, 9 ақпан 2021

Алаяқтық жасап, шекара асып кеткен ақтөбелік Ресейде ұсталды. Ол екі жыл бойы іздеуде болған. Полиция қызметкерлкері күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау жөнінде мәселе қозғады. Сондай-ақ, алаяқтығы үшін іздеуде жүрген тағы бір ақтөбелік Алматы қаласында қолға түсті.  Белгілі болғандай,  сот үкімі онлайн түрде шыққан соң сотталушы жасырынып қалған. Айта кетейік, құқық қорғаушылар жыл басынан бері іздеуде жүрген 10 қылмыскерді ұстады. Олардың төртеуіне өткен жылы іздеу жарияланған. Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар